Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 93-ші концерт маусымы аясында жаңа форматтағы «Qurmangazy: Next Cover Concert» концертін өткізді.
Бағдарламада қазақтың дәстүрлі музыкасы мен қазіргі музыкалық бағыттар қатар қамтылды. Көпшілікке таныс әуендер ұлттық аспаптарға лайықталып, домбыра мен өзге де халық аспаптарының үнімен жаңаша ұсынылды.
Оркестрмен бірге қазақстандық әншілер Дана Сәбит, Диана Исмаил, Әбік Жексен, Аружан Данышпан, Асқар Рысбек, Әбіл Жұма, Гүлнар Көшенова және Ғабит Бибасұлы өнер көрсетті. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нарын Қажғали мен Әділбек Мақсұт оркестрге дирижерлік етті.
Жоба қазақтың музыкалық мұрасын насихаттауға, ұлттық аспаптармен заманауи шығармаларды көпшілікті танытуға және орындаушылық дәстүрді сақтауға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі









