Президент Жолдауы аясында ҮЕҰ жұмысына жасанды интеллектіні енгізу мәселесі талқыланды

    1 / 3

    Астанада Қазақстанның Азаматтық альянсының «Ұстаным» пікірталас клубының отырысы өтті. Жиын «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: цифрлық трансформация, жасанды интеллект және азаматтық қоғамның жауапкершілігі» тақырыбында өтті.

    Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, IT саласының өкілдері мен сарапшылар қатысты. Олар елдегі цифрландырудың алдағы бағыттары жөнінде пікір алмасты.

    Қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген жасанды интеллектіні жедел енгізу міндеттерін талқылады. Атап айтқанда, ҮЕҰ жұмысында цифрлық құралдарды пайдалану, ұйымдардың күнделікті жұмысын автоматтандыру және азаматтық қоғам институттарының ашықтығын арттыру жолдары қарастырылды.

    Бұдан бөлек, ҮЕҰ өкілдерінің цифрлық сауатын арттыруға, жаңа технологияларды тиянақты әрі қауіпсіз түрде пайдалануға мән берілді.

    Кездесу қорытындысында ҮЕҰ мамандарының цифрлық дағдыларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді. Технологиялық өзгерістер жағдайында мемлекет пен азаматтық қоғамның байланысын нығайту жолдары да айтылды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары