1 / 4
Маңғыстау облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтау қаласындағы «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесіне барды.
Іс-шара барысында құтқарушылар балалар үйі тәрбиеленушілерге азық-түлік өнімдерін, тәттілер мен ойыншықтар табыстады.
Іс-шараның мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және оларға қамқорлық таныту.
Мұндай игі бастамалар баларға көңіл бөлу, мейірімділік пен қолдау көрсету атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ оларға қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлауға бағытталған. Құтқарушылар сәбилерге зор денсаулық, бақыт, амандық және жарқын болашақ тіледі.
Маңғыстау облысы ТЖД









