Облыстық филармонияның концерт тік залында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Іс-шарада Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Рәтбек Қожа х метұлы құттықтау сөз сөйлеп, жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол құтқарушылар қызметінің маңыздылығын атап өтіп, олардың кәсібилігіне, батылдығына және өз ісіне адалдығына ерекше тоқталды.
Салтанатты рәсім барысында жаңадан қызметке қабылданған қызметкерлерге алғашқы арнайы атақтар, ал жеке құрам қызметкерлеріне мерзімінен бұрын арнайы атақтар табысталды. Сонымен қатар қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерге ҚР ТЖМ ведомстволық марапаттары мен Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен берілді.
Іс-шара аясында азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосып, ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен ардагерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мерекелік көңіл күйді облыстық филармония әртістерінің концерттік бағдарламасы толықтырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Құтқарушылар күні - адам өмірін құтқаруды басты мұрат еткен, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілетін құрметтің белгісі. Бұл мереке сондай-ақ қызметтік борышына адалдық пен ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындайды.
Маңғыстау облысы ТЖД








