Ағымдағы жылдың 23-қазанында «2026 жылғы 29-қарашаға тағайындалған ҚР барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының АСК-ның Жоспарына» сәйкес, ауданның 3,4,5,6,7,8,9 және 11-ші, жиыны 8 округтік сайлау комиссиясының мүшелерімен «Сайлау барысында қаулылар мен хаттамаларды рәсімдеу, сайлау процессін күнтізбелік жоспарға сай өткізу. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелер» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинарға 8 ОСК-ының мүшелері 40 адам қатысты. Тақырыпқа сәйкес ОСК-ы мүшелері сайлауды ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау процессіндегі жұмыс ретімен, хаттамаларды рәсімдеу мен ААСК-ына ұсыну және басқа ережелермен таныстырылды.









