Ағымдағы жылдың 20-қазанында Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 16.10.2026 жылғы №28 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 29-қарашаға тағайындалған ҚР барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының АСК-ның Жоспарына» сәйкес, АСК-ның төрағасы Е. Каримовтың ұйымдастыруымен, ауданның 1-ші және 2-ші округтік сайлау комиссиясы мүшелерімен «Дауыс беру қорытындыларын анықтау, хаттамаларды рәсімдеу және жоғары тұрған комиссияға ұсыну тәртібі және сайлау процессінде жиі кездесетін қателіктерді талдау. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелер» тақырыбында көшпелі семинар ұйымдастырды.
Семинарға екі ОСК-ының мүшелері 10 адам қатысты. Тақырыпқа сәйкес ОСК-ы мүшелері сайлауды ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау процессіндегі жұмыс ретімен, хаттамаларды рәсімдеу мен ААСК-ына ұсыну және басқа ережелермен таныстырылды. Оқыту семинары қорытындысында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетілді.









