БҚО-ДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ҚАРАЛДЫ

    1 / 5

    БҚО-ДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ҚАРАЛДЫ

    Экология жөніндегі комиссияның төрағасы Ерлан Нысанбаевтың жетекшілігімен, Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Табиғат Зейнұлқабденнің қатысуымен комиссия отырысы өтті.

    Жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Шолпан Қоспаева қатысты.

    Отырыс барысында Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының барысы таныстырылды. Жобаны республикалық деңгейде енгізу мәселесі Әлеуметтік комиссияның отырысында талқыланбақ.

    Сонымен қатар, Орал қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының мәселесі, киік популяциясын сақтау, Хан Ордасындағы қылқан жапырақты екпелерді қорғау және «Жайық орманы» резерватын құру бастамалары қаралды. Аталған мәселелерді комиссияның 2027 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу көзделіп отыр.

    Бұл бастамалар өңірдің өзекті мәселелерін жүйелі түрде қарастыруға және Батыс Қазақстан облысы үшін маңызды экологиялық мәселелерді республикалық деңгейде көтеруге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары