ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 6

    ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев облыстың Қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Атауовтың, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Шолпан Қоспаеваның және экология мәселесіне қатысты құзырлы мемлекеттік орган басшыларының, сарапшылардың, қатысуымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі міндеттері, қызмет бағыттары мен қоғамдық маңызы туралы ақпарат берілді. Кеңестің ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерудегі және қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтудағы рөлі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің экология жөніндегі комиссиясының жоспарына енгізілетін өңірдегі түйткілді мәселелер талқыланды.

    Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, қоршаған ортаны қорғау және киік мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Сондай-ақ, Мұрат Мұқаев қатысушылардан өңірде шешімін күткен, республикалық деңгейде қарауды қажет ететін мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіруді сұрады. Қатысушылардың пікірлері тыңдалып, жергілікті мәселелерді орталық деңгейде көтеру мүмкіндіктері қарастырылды.

    Осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу, өңірдің өзекті мәселелерін зерделеуге, азаматтардың ұсыныстарын жинақтауға және оларды республикалық деңгейде қарауға жол ашатынын жеткізді. Басты мақсат – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайту және ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары