АЙМАҚ БАСШЫСЫ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 5

    АЙМАҚ БАСШЫСЫ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІМЕН ТАНЫСЫП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапарға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев және басқарма басшылары қатысты.

    Аудандық мәдениет үйінде жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі таныстырылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар мен мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алған азаматтар ет, сүт, бау-бақша және бал шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ қолөнер шеберлері «Құрақfest» іс-шарасының нәтижелерін таныстырып, «Тосапfest» қатысушылары табиғи өнімдерін көрсетті. Аталған фестивальдер аудан тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды.

    Аймақ басшысы жергілікті тауар өндірушілерді мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, кәсіп аясын кеңейтуге шақырды.

    Сапар барысында облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттер туралы баяндады. Аудан әкімі Мұрат Сердалин Жұбан елінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Тұрғындар ауданның даму бағыттарын оң бағалады.

    Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары