БҚО-ДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР, АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 3

    БҚО-ДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР, АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы аясында Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері, азаматтық қоғам және жастар өкілдерімен кездесті.

    Кездесуге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев қатысып, жиынға төрағалық етті.

    Кездесу барысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдениет пен әдеп қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Жиынға қатысушылар қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністіктің маңызын атап өтіп, этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам институттарының және жастардың қоғамдық өмірдегі рөліне назар аударды.

    Кездесу қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауда мәдениет пен әдептің айрықша мәнге ие екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, оны жас буынның санасына сіңіру – қоғам бірлігін нығайтуға және ұрпақ сабақтастығын сақтауға бағытталған маңызды міндет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары