Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды

    1 / 4

    Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды

    Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитеті Экология жөніндегі комиссиясының «Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыру аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оны жетілдіру шаралары» тақырыбында отырысы өтті.

    Экология жөніндегі комиссия басшысы Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Мұқаев пен Шолпан Қоспаева, Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тлегенов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашев, «Орал Таза Сервис» ЖШС директоры Елжан Серғалиев, ICM Recycling директоры, полигонның бұрынғы басқарушысы Алмас Пшенбаев, сондай-ақ сала мамандары мен сарапшылар қатысты.

    Отырыс барысында еліміздегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесінің қазіргі жай-күйі жан-жақты қарастырылды.

    Әсіресе, өңір үшін маңызды мәселелердің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының инфрақұрылымын жетілдіру және стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Бұдан бөлек, қалдықтарды жинау, таңбалау, тасымалдау және уақытша сақтау тәртібін реттейтін бірыңғай логистикалық стандарттарды әзірлеу және бекіту жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

    «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру – тек аумақтарды тазарту шараларымен шектелмейтін, табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған орта алдындағы ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс.

    Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, заманауи инфрақұрылымды дамыту және экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету – өңірдің тұрақты дамуы жолындағы маңызды міндеттердің бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары