АЙМАҚ БАСШЫСЫ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев VIII шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өткен сайланым кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан депутаттарға алғыс білдірді.
VIII шақырылым кезеңінде облыстық мәслихаттың төрағасы қызметін атқарған Мұрат Мұқаевтың жетекшілігімен депутаттық корпус өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарастырып, олардың шешілуіне белсенді атсалысты.
Атап айтқанда, 2023–2026 жылдары 28 сессия өткізіліп, екі тұрақты комиссияның 97 отырысында 211 мәселе қаралды. Мемлекеттік органдарға 447 депутаттық сауал жолданып, екі көшпелі тыңдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар мәслихаттың 193 шешімі қабылданды.
Мұрат Мұқаев төрағалық еткен кезеңде мәслихат жұмысының жүйелі жүргізілуіне, депутаттардың бастамаларын қолдауға және өңір тұрғындарын толғандырған мәселелерді шешуге басымдық берілді.
Бүгінгі кездесуде аймақ басшысының VIII шақырылым депутаттарымен арнайы жүздесіп, олардың атқарған жұмыстарына алғыс білдіруі – бірлескен еңбектің бағасы. Жиын соңында депутаттарға облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









