ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 4

    ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Қазақстан Халық Кеңесі Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Әлеуметтік жауапкершілік мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

    Жиынға Әлеуметтік жауапкершілік мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Қазыбек Дәуталиев басшылық етіп, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Шолпан Қоспаева, эксперт ретінде БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары Нұрия Ғайтпаева, БҚО Стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары Фарида Раджапова қатысты.

    Отырыс барысында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Қаладан ауылға» пилоттық жобасының барысымен таныстырып, оның маңыздылығына тоқталды.

    Аталған бастама ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыруға, ауылдарға қаладан тұрғындарды тартуға, демографиялық ахуалды жақсартуға және ауылдық жерлерде қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

    Сонымен қатар жобаны еліміздің басқа өңірлеріне енгізу туралы ұсынысын жеткізді.

    Отырыс қорытындысы бойынша комиссия «Қаладан ауылға» пилоттық жобасын республикалық деңгейде басқа өңірлерге енгізу туралы ұсыныстарды қолдап,

    Қазақстан Халық Кеңесі Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің жұмысына қабылдау туралы шешім қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары