ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитеті Өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға комиссия басшысы Нұртай Сабильянов төрағалық етті.
Жиынға Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев және комиссия мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында қатысушылар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылап, бірқатар бастама көтерді.
Атап айтқанда, жергілікті инфрақұрылымның сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ азаматтардың өтініштері негізінде нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне баса назар аударылды.









