ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Астана қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің пленарлық отырыстар залында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Жиында Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов, Төралқа мүшесі Нұртай Сабильянов және өңірлік өкілдер ұсыныстарын ортаға салып, Жолдауда көтерілген басым бағыттар мен ел дамуы үшін маңызды міндеттер жөнінде пікір білдірді.
Отырысқа Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері бейнебайланыс арқылы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев, Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Атауов және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Шолпан Қоспаева болды.
Жолдауда белгіленген міндеттерді талқылау – ел дамуының басым бағыттарын ортақ түсініп, оларды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарды саралауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









