Базарда жұмыс істейсіз бе? Қауіп-қатерден хабардар болыңыз!

    Астанада өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен кәсіпкерлер арасында радикалды идеялардың таралуына жол бермеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Діни сауаттылықты арттыруға, сыни ойлауды дамытуға және экстремистік идеологияның ықпалына қарсы тұруға арналған кездесулерге барлығы 52 адам қатысты.

    Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 25 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтың қатысуымен профилактикалық әңгіме өтті. Мамандар экстремистік ағымдардың негізгі белгілерін, идеологиялық ықпал ету тәсілдерін және заңға қайшы әрекеттерге тартылудың ықтимал салдарын түсіндірді.

    Сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, 31 мекенжайындағы құрылыс базарында кәсіпкерлер мен сауда қызметкерлеріне арналған бес кездесу ұйымдастырылып, 27 адам қамтылды. Әңгіме барысында діни сенімді теріс мақсатта пайдаланатын айла-шарғыларды тану, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және мәліметтерді ресми дереккөздерден тексеру мәселелері қозғалды.

    Кездесулер қатысушылар тарапынан оң қабылданды. Азаматтар талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап және радикалды ықпалдан сақтануға қатысты практикалық кеңестер алды.

    Мұндай түсіндіру жұмыстары халықтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға әрі экстремистік идеяларға қарсы саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

    Материал Астана қаласы Антитеррорлық комиссиясы аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары