Ағымдағы жылдың 2 қазан күні өңір басшысы А.Шахаровтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының жоспарлы отырысы өтті.
Отырыс барысында терроризмге қарсы іс-қимыл, терроризмге осал объектілердің қамтамасыз ету, ондай-ақ білім беру және спорт салаларында діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар, терроризм қатерлерінің алдын алу, мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру және антитеррорлық қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды









