1 / 3
ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢАУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 13 қазанда Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері қаралды.
Аумақтық сайлау комиссиясы:
- сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті;
- сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, тиісті тізімдерді жариялау және сайлаушыларды хабардар ету мәселелерін қамтитын сайлау инфрақұрылымының жай-күйін қарады;
- учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекітті.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Үржар ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы









