Қарақия ауданында алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

    Бүгін, 13 қазан күні Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті.

    Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облыстық мәслихаты депутатын және Қарақия аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары талқыланды.

    Сонымен қатар сайлау науқанын ұйымдастыру, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру, олардың сайлау заңнамасында белгіленген міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Сайлау кезеңдерінің күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалуы, сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу тәртібін түсіндіру мәселелеріне назар аударылды.

    Сондай-ақ сайлаушыларды ақпараттандыру, азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын сақтау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

    Отырыс қорытындысы бойынша алдағы сайлауды заңнама талаптарына сәйкес ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында округтік және учаскелік сайлау комиссияларымен бірлескен жұмысты жүйелі жүргізу, белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылау және дайындық жұмыстарын уақтылы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары