Руханият пен мәдениеттің қарашаңырағына айналған Жетібай ауылдық кітапханасы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқырмандар назарына «Бір кітап – бір тағылым» атты танымдық-ақпараттық сағатты ұсынды. Аталмыш шараның басты мақсаты – қазақ әдебиетінің озық туындыларын қалың оқырманға кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың кітап оқуға деген ықыласын ояту, ұлттық әдеби мұраларымызды дәріптеу және келешек ұрпаққа шығарманың терең тәрбиелік мәні мен рухани құндылықтарын жеткізу болып табылады.
Кеш барысында қазақ сөз өнерінің гауһар тастары мен оның қоғамдағы орны жан-жақты сөз болып, кітапхана қабырғасында рухани сабақтастық пен ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған мазмұнды әңгіме өрбіді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рухани басқосулар оқырмандардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Кездесу соңында қатысушылар ұсынылған әдеби туындылар төңірегінде ой бөлісіп, өздерін толғандырған сауалдарына тұщымды жауап алып, рухани азықпен қайтты. Жетібай ауылдық кітапханасы алдағы уақытта да оқырмандардың білім көкжиегін кеңейтетін осындай мазмұнды шараларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









