СҚО Денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаменті «дәріханалық нашақорлыққа» қарсы бірлесіп күреседі

    1 / 2

    Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінде күшті әсер ететін дәрілік препараттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған жұмыс кеңесі өтті.

    Жиынға СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Саржанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті департаментінің қызметкерлері, дәріхана ұйымдары мен медициналық мекемелердің, оның ішінде емханалардың өкілдері қатысты.

    Кеңес барысында күшті әсер ететін дәрілік препараттардың айналымына бақылауды күшейту, олардың заңсыз сатылуының алдын алу және дәрілік заттарды теріс пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу мәселелері қаралды.

    Әсіресе, дәріханалардың дәрілік препараттарды босату кезіндегі жауапкершілігіне, медициналық ұйымдар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ дәрілерді шамадан тыс қолданудың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында таралуының алдын алуға ерекше назар аударылды.

    Жиын қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын айқындап, профилактикалық шараларды күшейту жөнінде уағдаласты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары