Солтүстік Қазақстан облысында антибиотиктерді ұтымды қолдану бойынша оқыту семинарлары өтуде

    1 / 10

    25 қарашада көпсалалы облыстық аурухана базасында Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының басшылары мен мамандарына микробқа қарсы терапияны (СКАТ) бақылау стратегиясын енгізуге арналған оқыту семинарлары өтті.

    Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы сарапшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

    Антибиотикке төзімділікке қарсы іс — қимылдың өзекті мәселелері, Бактерияға қарсы препараттарды тұтынуды талдау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметіне СКАТ бағдарламасын енгізудің практикалық тетіктері басты назарда.

    Оқытуға дәрігерлер, клиникалық фармакологтар, эпидемиологтар, микробиологтар және басқа да бейінді мамандар қатысады. Стационар жағдайында СКАТ бағдарламасын енгізудің практикалық тәжірибесімен медицина ғылымдарының кандидаты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының консультативтік тобының сарапшысы Шолпан Қалиева бөліседі.

    Антибиотиктерді ұтымды қолдану болашақта олардың тиімділігін сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

    Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, антибиотикалық терапияны тағайындау тәсілдерін жетілдіруге, медициналық көмектің сапасын арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары