АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Аудан әкімдігінде аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер қатынастары, жұмыспен қамту және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Аудан басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер берді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, мәселелерді заңнама аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Азаматтардың өтініштеріне назар аудару, олардың мәселелерін уақытылы шешу және халықпен ашық диалог орнату – аудан әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









