ЕҢБЕК ЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, «№2 Бадамша орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының «Еңбек Ері» , «Степное» ЖШС директоры Төлеуов Аманғос Сансызбайұлымен тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа еңбектің қадір-қасиетін ұғындыру, адал еңбек пен табандылықты дәріптеу, ел дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмір жолын үлгі ету.
Кездесу барысында Аманғос Сансызбайұлы өзінің еңбек жолы, өмірлік тәжірибесі, жеткен жетістіктері мен ауыл шаруашылығы саласындағы атқарған жұмыстары туралы әсерлі әңгімеледі. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Осындай тағылымды жүздесу жас ұрпақтың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
“Еңбекпен ел көгерер, еңбегімен ер озар!”
Құрметті қонағымызға мектебімізге арнайы келіп, оқушылармен мазмұнды ой бөліскені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









