1 / 4
АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аудан әкімінің орынбасары Б.Дауловтың қатысуымен аудандық Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында ауданның қоғамдық өміріне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру бағытындағы жұмыстар сөз болды.
Сонымен қатар, ақсақалдардың қоғамдағы рөлі, олардың мол өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін өскелең ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









