АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕРІК ДАУЛОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС ӨТТІ

    1 / 6

    АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕРІК ДАУЛОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС ӨТТІ
    Аудан әкімінің орынбасары Берік Дауловтың төрағалығымен әлеуметтік сала мекемелері басшыларының қатысуымен кезекті жиын өтті.
    Жиынға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Бекзад Мамытханов онлайн форматта қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен қатар, Қарғалы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы З. Дербісбаев қатысты.
    Кездесу барысында мемлекеттік рәміздерді қолдану талаптары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуы да талқыланды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарғалы ауданы әкімдігі" жаңалықтары