Қарғалы ауданы әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Қарғалы ауданы 1966 жылы 1 қаңтарда құрылды. Қарғалы ауданы Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан және солтүстігі мен шығысында Ресеймен, батысында Мәртөк және оңтүстігінде Ақтөбе облысының Хромтау аудандарымен шектеседі. Қарғалы ауданының аумағы 4 999 шаршы км, әкімшілік-аумақтық жағынан аудан 15 елді мекенді қамтитын 8 ауылдық округке және 1 ауыл әкімдігіне бөлінген. Аудан халқының саны 15,2 мың адамды құрайды. Аудан орталығы Бадамша ауылы, Ақтөбе қаласынан 125 км-дей жерде орналасқан. Аудан орталығының халық саны - 5,1 мың адам.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ел қорғаны – ерлерге құрмет!

    Ел қорғаны – ерлерге құрмет! Сіздерді 7-ші Мамыр Қазақстан Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер-елдің қорғаны» атты салтанатты шараға шақырамыз! 📅 6 мамыр 🕚 11:00 📍 Мәдениет үйі Келіңіздер, бірге рухты көтеріп, елге қызмет еткен ерлерге құрмет көрсетейік!

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Дом культуры

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері (кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады. Конкурс бюджет қаражаты болған кезде жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстық өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

    Сұрақ

    Балабақшада орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Баланы балабақшадан орын алу үшін кезекке қою "мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою портал арқылы жүзеге асырылады е-zhetysu.kz. Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеліңіз. 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрыққа сәйкес кезекке өтінім беріп, өзіңіз көрсеткен электрондық пошта мен телефон нөміріне кезек нөмірін көрсетіп, хабарлама күтіңіз. Өтініш берушіге мүмкіндік беріледі: 1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, өтінішті кезектен кері қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған жолдаманы алу және күшін жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың жай-күйінің өзгеруі туралы хабарлама алу; 2) мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау арқылы жүзеге асырылады; 3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдама алу; 4) кезекті басқару жүйесі жеке кабинетінің есепке алу деректерін үшінші тұлғаларға бермей сақтау. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиесілілігі бойынша балалардың туған жылы бойынша әрбір туған жылы үшін жеке қалыптастырылады. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға кезек елді мекеннің ішінде нақты Мектепке дейінгі ұйымға балалардың туған жылы бойынша, әрбір туған жылы үшін жеке қалыптастырылады. Егер мектепке дейінгі ұйым күтімнің, түзетудің әртүрлі түрлері бар топтардың болуын қамтамасыз етсе, кезек туған жылы бойынша кезек балалардағы бұзушылықтардың түрлері бойынша бөлінеді. Санаториялық мектепке дейінгі ұйымдарға кезек елді мекеннің ішінде нақты Мектепке дейінгі ұйымға балалардың туған жылы бойынша әрбір туған жылы үшін жеке қалыптастырылады. Егер мектепке дейінгі ұйым оңалту/профилактиканың әртүрлі түрлері бар топтардың болуын қамтамасыз етсе, кезек туған жылы бойынша кезек оңалту/профилактика түрлері бойынша бөлінеді. Өтініштер кезек бойынша өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектеп жасына дейінгі кезеңде бір елді мекенде үш реттен артық емес кезекке тұрады. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір ай өткеннен кейін басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдау үшін жалпы кезекке тұрады және жеке мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата – анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған кезде бір мезгілде бірнеше кезекте-жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрады. Өтініш беру және кезекте тұру үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша толық 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның тиісті қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне әлі толық 6 жасқа толмаған балалардан басқа). Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдау үшін бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін кезекке қоюға өтініш береді. Өтініштер кезегі келесі жағдайларда жаңартылады: 1) "әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 3-тармағына және "арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініштер келіп түскен;"; 2) "педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагог балаларының ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініштер келіп түскен;"; заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балаларды; балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар; бірінші кезекте орын алу үшін мүгедек баласы бар отбасылардан шыққан балаларға мектепке дейінгі ұйымда; 3) өтініштің жеңілдік мәртебесін өзгерту туралы; 4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде өтінішті кезектен шығару; 5) жолдама беру; 6) өтінішті стоп-параққа, мұрағатқа орналастыру; 7) өтініш берушінің мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Өтініштер кезектерде өтініш берілген күн мен уақыт бойынша әр топтың ішінде бір-біріне қатысты орналастырылады. Кезектен тыс орын алу жөніндегі өтініштер бірінші кезекте орын алу өтініштерінің алдында орналастырылады. Бірінші кезекте орын алу жөніндегі өтініштер жалпы негіздерде берілген өтініштер арасында "бір үшке" арақатынасында бөлінеді (бірінші кезекте орын алу жөніндегі өтініш жалпы негіздерде берілген әрбір үш өтініш бойынша орналасады).

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж келесі санттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Заңның 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса; 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; 2-1) өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса; 3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 4) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (Өткен тоқсандағы отбасының бір мүшесіне-22792 теңге). Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе "электрондық үкіметтің"E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет. Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.

    Сұрақ

    Тұрғын үй алу кезегіне қою тәртібі қандай

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлек тізім бойынша тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізеді: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға беріледі. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы аналардың құқығы бар.

    Сұрақ

    eGOV mobile пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, вакцинация паспортын қалай алуға болады?

    Жауап

    eGov mobile мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, covid-19 вакцинациясын алған азамат электрондық вакцинация паспортының көшірмесін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.

    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар

    Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар № Сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін орындар Бадамша ауылдық округі: 1 Бадамша ауылы, Айтеке Би көшесі, 32,коворинг орталығы,«Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; Ащылысай ауылдық округі: 2 Ащылысай ауылы, Панфилов көшесі, 19, мәжіліс залы,«Ақтөбеоблыcының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ащылысай орта мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; 3 Бозтөбе ауылы, В.Жук көшесі, 43, фельдшер кабинеті, «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныныңғимараты; Әлімбет ауылдық округі: 4 Әлімбет ауылы, Қазақстан көшесі, 74, көрермендер залы,«Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клубғимараты; Велихов ауылдық округі: 5 Велихов ауылы, Орталық көшесі, 32 А, бас маманның кабинеті, «Велихов ауылдык округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңғимараты; 6 Ақжайық ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 56, фельдшер кабинеті, «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ауруханасы» мемлекеттіккоммуналдық кәсіпорныныңғимараты; Желтау ауылдық округі: 7 ауылы Петропавловка, Ю.Гагарин көшесі, 43 А, мәжіліс залы, «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ауруханасы» мемлекеттіккоммуналдық кәсіпорныныңғимараты; 8 Шәмші Қалдаяқов ауылы, Балықшылар көшесі, 7, көрермендер залы,«Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клубғимараты; Қос Естек ауылдық округі: 9 Қос Естек ауылы, Д.Қонаева көшесі, 18, көрермендер залы,«Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ауылдық клубғимараты; Степной ауылдық округі: 10 Степной ауылы, Д.А.Қонаев көшесі, 1, мәжіліс залы,«Ақтөбеоблыcының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Сазды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; 11 Қайрақты ауылы, Әбілкайыр хан көшесі, 11, фельдшер кабинеті, «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарғалы аудандық ауруханасы» мемлекеттіккоммуналдық кәсіпорныныңғимараты; Кемпірсай ауылдық округі: 12 Жосалы ауылы, Тың жер көшесі, 32, көрермендер залы,«Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныауылдық клубғимараты.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қарғалы аудандық мәслихатыныңдепутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері № 1бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бактияров Еркин Сериккалиевич 1978 «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ, бас инспекторы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 2. Балгазин Асан Болатович 1984 «Қазақтелеком» АҚ Қарғалы желіжол цехы,бастығы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 3. Косыбаев Арман Орынбасарович 1992 «Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы»КММ,маман Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Кужаков Дюсен Бисенович 1978 «Ақтөбе өндірістік филиалы «QAZAQGAZ AIMAQ» АО Қарғалы газ шаруашылығы,директор Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 2. Курманова Айнара Асылханқызы 1996 «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК, директор орынбасары Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 3. Минасарова Гульмира Жанараловна 1986 «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ,бас маман. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әбдіғали Асемгул Дауылбаевна 1990 «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ, іс қағаздарын жүргізу инспекторы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 2. Заглядова Надежда Николаевна 1977 «Әділет» партия Қарғалы аудандық филиалы, төрағасы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 3. Рахимова Райхан Алимовна 1962 «Сенім» отбасының қолдау орталығы» КММ, директор Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Искаков Орынбасар Дельманович 1986 «Алға» ЖШС Несие серіктестігі, басқарма төрағасы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылы. 2. Искакова Айгуль Гумаровна 1979 «Қарғалы ауданының әлеуметтік көмек көрсету орталығы»КММ, басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 3. Тулебаев Санат Бауыржанович 1994 «ARLAN»ЖК,басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әділғазы Әліби Мұратұлы 1992 «Жаңа Қоныс» ШҚ, басшы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы. 2. Бисенбаев Жәнібек Бисенбайұлы 1994 «Қарғалы ауданының ветеринарлық станция» ММК,меңгерушінің м.а. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бозтөбе ауылы 3. Кзылбасова Токжан Биляевна 1968 «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК, басшының орынбасары. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бондаренко Таиса Михайловна 1970 «Ащылысай орта мектеп –балабақшасы» КММ, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы 2. Глуханькова Татьяна Сермагамбетовна 1977 «Ащылысай орта мектеп –балабақшасы» КММ,мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы 3. Садыков Берик Бауржанович 1991 «Ащылысай орта мектеп –балабақшасы» КММ,мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абдигалиев Еркебулан Еркинович 1990 «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК, басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы 2. Куанова Гаухар Есетовна 1988 «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК Петропавл ауылдық клубы, меңгеруші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Петропавл ауылы 3. Құмар Нұржан Серікұлы 1993 «Ақтөбе өндірістік филиалы «QAZAQGAZ AIMAQ» АО Қарғалы газ шаруашылығы,инженер Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ишангалиев Айбол Канатбаевич 1986 «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ,мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылы. 2. Кудабаев Нурхат Саматулы 1994 «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты»,жүргізуші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 3. Курмашев Куаныш Маратович 1988 «Бадамша жасөспірімдер-балалар спорт мектебі»КММ, меңгеруші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Петропавл ауылы. № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Аманжолов Сапарбек Аралбаевич 1972 жұмыссыз Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 2. Алдашева Ляззат Жангельдиевна 1984 «Бөбек «бөбекжай балабақшасы»КММ,меңгеруші м.а Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылы. 3. Суйеуов Есет Турсынбекович 1993 «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК,дәрігер Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бижанов Руслан Кадржанович 1987 «Спутник» ӘКК, басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы ауылы. 2. Гусманов Куаныш Тореханович 1993 «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты»ММ,бөлім басшысы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы. 3. Сүлейменова Ботакөз Думанбекқызы 1991 «Кемпірсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, іс жүргізуші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы ауылы. № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Калмаганбетов Сапаргали Айболатович 1987 «Қос Естек орта мектебі» КММ, мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Қос Естек ауылы. 2. Стырличук Оксана Юрьевна 1985 «Қос Естек ауылдық кітапхана»,меңгеруші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылы. 3. Төлепбай Әнуар Зейнешұлы 1979 «CompasTelecom»ЖШС,директор Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

    ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаттың депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлаймыз №5 сайлау округі бойынша 1.Әділғазы Әліби Мұратұлы, 1992жылы туған,«Жаңа Қоныс» ШҚ, басшыАқтөбе облысы Ақтөбе қаласында тұрады. №8 сайлау округі бойынша 1.Курмашев Куаныш Маратович, 1988 жылы туған, «Бадамша жасөспірімдер-балалар спорт мектебі»КММ, меңгеруші,Қарғалы ауданы Петропавл ауылында тұрады. №10 сайлау округі бойынша 1.Бижанов Руслан Кадржанович,1987 жылы туған, «Спутник» ӘКК, басшы, Қарғалы ауданы Жосалы ауылында тұрады. 2.Гусманов Куаныш Тореханович, 1993 жлы туған, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты»ММ,бөлім басшысы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады. 3. Сүлейменова Ботакөз Думанбекқызы, 1991 жылы туған, «Кемпірсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, іс жүргізуші, Қарғалы ауданы Жосалы ауылында тұрады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Аудио

    Your browser does not support audio.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кандидаттардың тіркелгені туралы ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаттың депутаттарын кезектен тыс сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлаймыз №3 сайлау округі бойынша 1.Рахимова Райхан Алимовна, 1962жылы туған,«Сенім» отбасының қолдау орталығы» КММ, директор,Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады. №5 сайлау округі бойынша 1.Бисенбаев Жәнібек Бисенбайұлы, 1994 жылы туған,«Қарғалы ауданының ветеринарлық станция» ММК, меңгерушінің м.а.,Қарғалы ауданы Бөзтөбе ауылында тұрады. 2.Кзылбасова Токжан Биляевна 1968жылы туған,«Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК, басшының орынбасары,Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады. №8 сайлау округі бойынша 1.Ишанғалиев Айбол Қанатбайұлы, 1986жылы туған,«В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ, мұғалім, Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылында тұрады. 2.Құдабаев Нұрхат Саматұлы, 1994 жылы туған, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ, жүргізуші,Қарғалы ауданы Бадамша ауылында тұрады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Ақтөбе облысы Қарғалы аудандықмәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бактияров Еркин Сериккалиевич 1978 «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ, бас инспекторы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. “Әділет” партиясы 2. Балгазин Асан Болатович 1984 «Қазақтелеком» АҚ Қарғалы желіжол цехы,бастығы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. «Ақжол» Демократиялық партиясы 3. Косыбаев Арман Орынбасарович 1992 «Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы»КММ,маман Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Кужаков Дюсен Бисенович 1978 «Ақтөбе өндірістік филиалы «QAZAQGAZ AIMAQ» АО Қарғалы газ шаруашылығы,директор Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. “Әділет” партиясы 2. Курманова Айнара Асылханқызы 1996 «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК, директор орынбасары Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Минасарова Гульмира Жанараловна 1986 «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ,бас маман. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әбдіғали Асемгул Дауылбаевна 1990 «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ, іс қағаздарын жүргізу инспекторы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Заглядова Надежда Николаевна 1977 «Әділет» партия Қарғалы аудандық филиалы, төрағасы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. “Әділет” партиясы 3. Рахимова Райхан Алимовна 1962 «Сенім» отбасының қолдау орталығы» КММ, директор Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Искаков Орынбасар Дельманович 1986 «Алға» ЖШС Несие серіктестігі, басқарма төрағасы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. “Әділет” партиясы 2. Искакова Айгуль Гумаровна 1979 «Қарғалы ауданының әлеуметтік көмек көрсету орталығы»КММ, басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Тулебаев Санат Бауыржанович 1994 «ARLAN»ЖК,басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әділғазы Әліби Мұратұлы 1992 «Жаңа Қоныс» ШҚ, басшы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы. “Ауыл” партиясы 2. Бисенбаев Жәнібек Бисенбайұлы 1994 «Қарғалы ауданының ветеринарлық станция» ММК,меңгерушінің м.а. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бозтөбе ауылы “Әділет” партиясы 3. Кзылбасова Токжан Биляевна 1968 «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК, басшының орынбасары. Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы. Өзін-өзі ұсынуарқылы № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бондаренко Таиса Михайловна 1970 «Ащылысай орта мектеп –балабақшасы» КММ, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Глуханькова Татьяна Сермагамбетовна 1977 «Ащылысай орта мектеп –балабақшасы» КММ,мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы “Әділет” партиясы 3. Садыков Берик Бауржанович 1991 «Ащылысай орта мектеп –балабақшасы» КММ,мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Ащылысай ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абдигалиев Еркебулан Еркинович 1990 «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК, басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Бадамша ауылы “Әділет” партиясы 2. Куанова Гаухар Есетовна 1988 «Қарғалы аудандық мәдениет үйі» МКҚК Петропавл ауылдық клубы, меңгеруші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Петропавл ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Құмар Нұржан Серікұлы 1993 «Ақтөбе өндірістік филиалы «QAZAQGAZ AIMAQ» АО Қарғалы газ шаруашылығы,инженер Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Бадамша ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ишангалиев Айбол Канатбаевич 1986 «В.И.Пацаев атындағы орта мектебі» КММ,мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылы “Әділет” партиясы 2. Кудабаев Нурхат Саматулы 1994 «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты»,жүргізуші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Курмашев Куаныш Маратович 1988 «Бадамша жасөспірімдер-балалар спорт мектебі»КММ, меңгеруші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Петропавл ауылы Казақстан Халықтық Партиясы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Аманжолов Сапарбек Аралбаевич 1972 жұмыссыз Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Бадамша ауылы “Әділет” партиясы 2. Алдашева Ляззат Жангельдиевна 1984 «Бөбек «бөбекжай балабақшасы»КММ,меңгеруші м.а Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Шәмші Қалдаяқов ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Суйеуов Есет Турсынбекович 1993 «Қарғалы аудандық ауруханасы» ММК,дәрігер Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Бадамша ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бижанов Руслан Кадржанович 1987 «Спутник» ӘКК, басшы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы ауылы “Әділет” партиясы 2. Гусманов Куаныш Тореханович 1993 «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты»ММ,бөлім басшысы Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Сүлейменова Ботакөз Думанбекқызы 1991 «Кемпірсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, іс жүргізуші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Жосалы ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Калмаганбетов Сапаргали Айболатович 1987 «Қос Естек орта мектебі» КММ, мұғалім Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Қос Естек ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Стырличук Оксана Юрьевна 1985 «Қос Естек ауылдық кітапхана»,меңгеруші Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,Қос Естек ауылы “Әділет” партиясы 3. Төлепбай Әнуар Зейнешұлы 1979 «CompasTelecom»ЖШС,директор Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «Respublica» партиясы

    Жарияланды: