Тұрғын үй алу кезегіне қою тәртібі қандай

    Қарғалы ауданы әкімдігі

    Сұрақ

    Тұрғын үй алу кезегіне қою тәртібі қандай

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

    Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бөлек тізім бойынша тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебін жүргізеді:

    Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

    Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға беріледі.

    Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

    Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы аналардың құқығы бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары...

    Сұрақ

    Балабақшада орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Баланы балабақшадан орын алу үшін кезекке қою "мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі бала...

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жер...

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азам...

    Сұрақ

    eGOV mobile пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, вакцинация паспортын қалай алуға болады?

    Жауап

    eGov mobile мобильдік қосымшасын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, covid-19 вакцинациясын алған азамат электрондық вакцинация паспортының көшірмесін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін қалай тексеруге болады

    Жауап

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін бірнеше тәсілмен тексеруге болады: 1. EgovKzBot2. 0 Тelegram-ботының көмегімен. Қызмет бөлімінде "БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат алу"тармағын таңдау қажет. Әрі...