Әдістемелік орталықпен бірлескен кеңес
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының бастамасымен ағымдағы жылғы 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілерімен, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін және 2027 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жататын орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді.
Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері қатысып, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының анықталған бұзушылықтарына шолу жасады.
Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, мемлекеттік аттестаттау қарсаңында өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды дайындау бойынша ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









