14 қарашада «Пиротехника» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қаладағы дүкендердің бірінде пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату қағидаларының бұзылғаны анықталды.
Полиция қызметкерлері 71 пиротехникалық бұйымды тәркілеп, белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырды.
Алайда, сатушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, әрекеттеріне кедергі келтірді. Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жиналған материалдар сотқа жолданды.
Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекет еткені туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.
Қызметкерлер өздерін таныстырып, тексерудің мақсатын және өнімді тәркілеу негіздерін түсіндірді. Мұны қызметтік бейнежетондардың жазбалары растайды.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада оқиғаның бір бөлігі ғана көрсетілген, сондықтан ол болған жағдайды толық бейнелемейді.
Пиротехникалық бұйымдарды сатуға тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске саламыз. Оларды сақтау және сату қағидаларын бұзу азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Полиция пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына тосқауыл қою жұмысын жалғастырады. Заң мен тәртіп талаптары баршаға ортақ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









