Жаңа жылдық отшашуды қайдан сатып алған дұрыс? ШҚО полициясы пиротехника сататын орындарды тексеруде

    1 / 4

    Жаңа жылдық отшашуды қайдан сатып алған дұрыс? ШҚО полициясы пиротехника сататын орындарды тексеруде

    Жаңа жылдық отшашулар мен петардалар мерекелік көңіл күй сыйлағанымен, оларды дұрыс пайдаланбау жарақат пен өртке әкелуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу және заңсыз саудаға жол бермеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде.

    Полиция қызметкерлері дүкендер мен пиротехникалық бұйымдар сатылатын өзге де сауда орындарын тексеруде. Лицензиялар мен сертификаттардың болуына, сондай-ақ өнімді сақтау және сату талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда.

    Бүгінде пиротехникалық бұйымдарды сатуға лицензиясы бар 4 заңды тұлға тексерілді. Сонымен қатар сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді көтерме жеткізушілерді анықтау мақсатында 75 іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

    Балалар арасында да профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында 230 дәріс өткізді. Оқушыларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше пайдаланудың қауіптілігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.

    Полиция тұрғындарды отшашулар мен петардаларды тек тиісті рұқсат құжаттары бар мамандандырылған сауда орындарынан сатып алуға шақырады. Мұндай өнімдерді қолдан сатып алудан және белгіленбеген орындарда саудаланатын тауарлардан аулақ болыңыздар. Отшашуды қолданбас бұрын нұсқаулығын мұқият оқып, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары