Абаттандыру талаптары баршаға ортақ: Тарбағатайда әкімдік қызметкері жауапқа тартылды

    Абаттандыру талаптары баршаға ортақ: Тарбағатайда әкімдік қызметкері жауапқа тартылды

    Елдімекендердің тазалығы тек тұрғындардың жауапкершілігіне ғана емес, бекітілген аумақтардағы тәртіпке жауапты мамандардың жұмысына да байланысты.

    Тарбағатай ауданында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Жаңалық ауылында қоқыс жинауға арналмаған жерде заңсыз қоқыс үйіндісінің пайда болғанын анықтады.

    Анықталған заңбұзушылыққа байланысты Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының абаттандыру қағидаларының сақталуына жауапты маманына әкімшілік шара қабылданды.

    Полиция абаттандыру қағидаларын сақтау тек тұрғындардың ғана емес, жауапты лауазымды тұлғалардың да міндеті екенін еске салады. Заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, елдімекендердің тазалығы мен санитарлық жағдайын сақтау – тұрақты назар аударуды талап ететін мәселе.

    Бекітілген аумақтың тазалығы мен тәртібіне әрбір азамат өзі жауапты. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары