Пәтерін сатуға көмектесіп, кейін ақшасын ұрлаған: Өскеменде 8 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

    Пәтерін сатуға көмектесіп, кейін ақшасын ұрлаған: Өскеменде 8 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

    Өскемен қаласының полицейлері жылжымайтын мүлікті сату келісімінен кейін жасалған ірі көлемдегі ұрлықты ашты. Күдікті жәбірленушінің танысы болып шыққан. Ол бұған дейін пәтер сатып алатын адамды табуға көмектескен.

    48 жастағы қала тұрғыны пәтерін сатып 8 миллион теңге алған. Алайда ақшаны қараусыз қалдырған сәтте бүкіл сомасынан айырылған. Полицейлердің анықтауынша, 26 жастағы танысы осы жағдайды пайдаланып, оның ақшасын жымқырған.

    Қомақты сомасының жоғалғанын байқаған ер адам полицияға жүгінген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Бұл жағдай таныс адамдармен қарым-қатынас кезінде де сақтық шараларын ұмытпау керектігін, әсіресе ірі қаржылық операциялар барысында мұқият болудың маңыздылығын көрсетеді.

    ШҚО Полиция департаменті азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату кезінде есеп айырысу тәртібін алдын ала ойластырып, ақшаны қараусыз қалдырмауға және келісімнің әр кезеңінде қаражаттың сақталуын бақылауға кеңес береді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары