БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ САПАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжановтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын ұйымдастыру, белгіленген стандарттар мен нормалардың, сондай-ақ санитариялық талаптардың сақталуы бойынша жиын өтті.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Сағатбек Жұбанов атқарылып жатқан жұмыстар мен осы бағыттағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.
Кездесуге білім беру ұйымдарының директорлары және мектеп асханаларына қызмет көрсететін кәсіпкерлер қатысты.
Жиында балалардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету, асханалардағы санитариялық талаптардың сақталуы және тамақтандыру қызметінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







