Құрметті Батыр ауылының тұрғындары және Мұнайлы ауданының қонақтары! Қадірлі өнер сүйер қауым!
Сіздерді Мұнайлы ауданы әкімдігінің қолдауымен халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабыловтың 150 жылдығына орай өтетін “Әлеумет, келдің алқалай...” атты жыр кешіне шақырамыз. Ұлттық өнер жанашыры Бердіхан Әлмен жүргізетін шараны “Сөз бен саз” youtube каналынан тікелей эфирден тамашалауға болады. Батыр ауылының таланттары өнер көрсетіп, Сәттіғұл ақынның жырлары орындалатын рухани шара 13 қараша, сағат 14:00-де Шерқала шағын ауданы, 67А ғимаратта орналасқан Батыр ауылдық мәдениет үйінде болады. Байланыс телефондары: 87018378870, 87016543084. Келем деушілерге есік ашық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








