КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА

    1 / 5
    Көктерек ауылдық округінде демеушілердің қолдауымен жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
    Құрылыс жұмыстарымен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев танысып, нысандағы жұмыс барысын көрді.
    Қазіргі таңда ғимараттың ішкі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, жылы еден жүйесін орнату және еденге бетонды тегістеу қабатын құю жұмыстары жүргізілуде.
    Жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген соң ауылдық округ әкімдігі қызметкерлеріне де, тұрғындарға да қолайлы жағдай жасалмақ.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары