1 / 14
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық деңгейін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарын, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жоспарларымен бөлісті.
Көктерек ауылдық округінде аудан басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатындығын және көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен қарастырылып, заң талаптарына сәйкес шешімін табатындығын жеткізді.
Көктерек ауылдық округінде 2026 жылдың 9 айында әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 6 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Көктерек кентіндегі Жастар көшесінде балалар ойын алаңы салынып, Ә.Молдағұлова көшесіндегі ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кенттің 11 көшесіне 218 көше жарықшамы орнатылды. Көктерек кентіндегі кәріз суын тазарту станциясының құрылысы жүргізілуде. Дархан елді мекенінде Қазыбек би көшесіндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. М.Мәметова көшесінде жаңа аллея салынып, Абай көшесінің бойындағы қоршаулар жөнделіп, сырланды. Сондай-ақ, тұрғын үй нөмірлері мен көше атаулары жазылған тақтайшалар жаңартылды. Бұдан бөлек, округ аумағындағы қашыртқылардың 12,8 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









