САРЫАҒАШ: БЮДЖЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 8



    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен бюджеттік комиссия отырысы өтті. Жиынға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ауданға қарасты дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

    Күн тәртібінде 2027–2029 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Отырыста қала мен ауылдық округтердің, сондай-ақ дербес бөлімдердің бюджеттік өтінімдері мен ұсыныстары жан-жақты талқыланып, әрбір бағыт бойынша қаржыландыру көлемі сараланды. Басым жобалар айқындалып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес қажетті түзетулер енгізілді.

    Аудан басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану — басты міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ әрбір тиынның заң талаптарына сәйкес және ашық игерілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары