Құтқарушылардың спорттағы жетістігі – ортақ мақтаныш!

    1 / 3

    Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғаған қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады.

    Латвияның Рига қаласында өткен гир спорты бойынша әлем чемпионатында Александр Комаров ересектер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Ұзын цикл» дисциплинасы бойынша қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы осы дисциплинадағы эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Петропавл қаласында өткен кикбоксингтен Қазақстан Республикасының кубогында Департамент қызметкері Дарья Терешина 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.

    Қарағанды облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов:
    «Бұл жеңістер – қажырлы еңбек пен жоғары тәртіптің нәтижесі. Қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, спортта да биік белестерді бағындырып жүрген әріптестерімізді мақтан тұтамыз!» — деп атап өтті.


    Спортшыларымызды осы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алда талай биіктерді бағындырып, еліміздің намысын одан әрі биіктете берулеріне тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары