Ботулизм —Clostridium botulinum бактериясы бөліп шығаратын токсиннен туындайтын қауіпті жұқпалы ауру. Бұл токсин белгілі улардың ішіндегі ең күштілерінің бірі, ол жүйке жүйесіне әсер етіп, сал ауруын тудырады.
Ботулизмнің себептері.
Ботулизм құрамында ботулотоксин деп аталатын қауіпті уы бар тағамды тұтыну салдарынан пайда болады. Бұл уды оттегі жетіспейтін ортада жақсы өсіп-өнетін Clostridium botulinum бактериясы бөліп шығарады. Ауруға шалдығу жағдайларының көпшілігі үйде дайындалған консервілермен, кептірілген немесе ысталған балықпен және ет өнімдерімен байланысты.
Ботулизмнің инкубациалық кезеңі2 сағаттан бес күнге дейін созылады. Улану белгілері бактерия мен оның зат алмасу өнімдері ағзаға түскеннен кейінгі алғашқы 2-6 сағат ішінде пайда болады.
Ботулизмнің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
·ауыздың құрғауы, жүрек айну, дауыстың өзгеруі, дауыстың қарлығуы және жұтынған кездегі ауырсыну;
·заттардың екі болып көрінуі және көру қабілетінің бұзылуы (көрудің бұлыңғырлануы, көз алдында дақтардың немесе «шіркейлердің» пайда болуы);
·жоғарғы қабақтың түсіп қалуы (птоз), қарашықтардың кеңеюі және қылилық;
·бет-әлпеттің жансыздығы (мимиканың жоғалуы), терінің бозаруы, жүрістің тұрақсыздығы және үйлесімді қозғалыстың бұзылуы;
·аяқ-қолдар мен тыныс алу бұлшықеттерінің симметриялы парезі және сал ауруы (кеуденің қысылу сезімі);
·іштің кебуі мен ауыруы, сондай-ақ іш өту (тәулігіне 3-5 рет).
Ботулизмнің алдын алу.
Үй жағдайында мынандай ережелерді сақтау қажет:
·рұқсат етілмеген сатушылардан үйде дайындалмаған консервіленген өнімдерді сатып алмаңыз;
·ет, балық, саңырауқұлақ немесе көкөністерді үйде герметикалық түрде жабылған банкаларға салып консервілемеңіз;
·азық-түлікті болашақта сақтау үшін кептіру немесе мұздату әдістерін қолданыңыз;
·мал сойылғаннан кейін оның ұшасын бөлшектеу барысында ішек-қарынын мұқият алып тастау және етті суық жерде сақтау қажет;
·жаңа ауланған балықты дереу ішек-қарнынан тазартып, ағынды сумен шайып, суық жерде сақтау керек;
·үйде консервіленген тағамдарды тұтынар алдында оларды 20 минут бойы қайнату қажет (бұл процесс ботулизм токсинін ыдыратады);
·ет, балық немесе көкөніс өнімдерінің сақталу мерзімін ұзарту мақсатында оларды вакуумдық қаптамаға салмаңыз.
Маңызды!Үй жағдайында консервілер дайындалған кезде мына ережелерді сақтау қажет:
·тұзбен сірке суының мөлшерін азайтпаңыз және термиялық өңдеу уақытын қысқартпаңыз;
·консервілер дайындаған кезде бұрын жиналған немесе бұзылған көкөністерді, жемістерді, жидектерді немесе саңырауқұлақтарды пайдаланбаңыз;
·дайындалған өнімдерді тоңазытқышта сақтаңыз.
Абай болыңыз! Ботулизм-өлімге әкелуі мүмкін қауіпті ауру!
Алматы қаласыӘуезов ауданының СЭББ эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы
Аздекова Рыскуль Жұманқызы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









