Әуезов ауданында электр желілерінің сенімділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі

    1 / 3

    «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 23–27 қараша аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында электр желілеріне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

    Аталған шаралар электр желілерінің техникалық жай-күйін жақсартуға, ықтимал ақаулардың алдын алуға және тұрғындарды тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жоспарлы жұмыстарға байланысты ауданның бірқатар шағынаудандары мен көшелерінде электр энергиясын уақытша өшіру көзделген. Өшіру уақыты мекенжайларға байланысты сағат 08:00–13:00, 13:00–17:00 және 08:00–17:00 аралығын қамтиды.

    Тұрғындардан жоспарлы жұмыстарға түсіністікпен қарап, күнделікті істерін алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары