Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері спорттық жарыстарда жүлделі орынға ие болды

    1 / 10

    Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері самбо және кикбоксингтен өткен республикалық және облыстық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

    Қарағанды қаласындағы құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қарағанды облысы Полиция департаментінің біріншілігі өтті. Жарысқа қатысқан ТЖД қызметкерлері 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

    Спорттық самбо бойынша:

    • І орын – Жиенбек Қоблан (Қарқаралы қаласының құтқару жасағы), 71 келі салмақ дәрежесінде;
    • ІІІ орын – Аманкелді Нұрбол (№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі), 64 келі салмақ дәрежесінде;
    • ІІІ орын – Сайлау Бекжан (№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі), 71 келі салмақ дәрежесінде.

    Жауынгерлік самбо бойынша:

    • І орын – Төлеухан Нұрқанат (Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының жүргізушісі), 71 келі салмақ дәрежесінде;
    • І орын – Ибраев Аблайхан (Қарқаралы қаласының құтқару жасағы), 98 келі салмақ дәрежесінде;
    • ІІ орын – Елеубеков Ерасыл (Теміртау қаласы ТЖ басқармасының жүргізушісі), 64 келі салмақ дәрежесінде;
    • ІІІ орын – Альжанов Ермұхамед (№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі), 64 келі салмақ дәрежесінде.

    Сонымен қатар, 18–21 қараша аралығында Петропавл қаласында ерлер мен әйелдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Аталған жарыста Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Дарья Терешина 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары