1 / 5
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев Дархан елді мекенінде жаңадан салынған аллеяны аралап көрді.
Жалпы аумағы 0,05 гектарды құрайтын аллея тұрғындардың демалуына және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған. Құрылыс және абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, жаңа демалыс орны пайдалануға берілді.
Аудан әкімі нысанның жай-күйімен танысып, атқарылған жұмыстарды көрді. Жаңа аллея елді мекен тұрғындары үшін қолайлы демалыс орнына айналмақ.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









