1 / 10
Сарыағаш қаласында балаларға арналған екі ойын алаңшасының құрылысы толықтай аяқталды. Аудан әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаев жаңадан салынған нысандарды аралап, атқарылған жұмыстардың сапасымен және алаңшалардың жай-күйімен танысты.
Атап айтқанда, Мөлтек шағын ауданындағы №3 көпқабатты тұрғын үйдің алдына және Ә.Жангельдин көшесінің бойына балалар ойын алаңшалары орнатылды. Аудан әкімі аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, мұндай нысандардың балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға маңыздылығын атап өтті.
Жаңа ойын алаңшалары балалардың қауіпсіз ортада ойнап, демалуына мүмкіндік беріп, қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс орнына айналмақ.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









