Қазақстанның РесейдегіЕлшісі Дәурен АбаевОрыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның (ОТХҰ) «Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму мақсатындағы орыс тілі» тақырыбындағы сессиясында сөз сөйледі.
Іс-шараға сондай-ақ ОТХҰ Бас хатшысы Наталья Бочарова, ОТХҰ-ға қатысушы елдерден мемлекеттік органдардың, іскер топтардың өкілдері, ғалымдар және сарапшылар қатысты.
Өз сөзінде Елші бүгінде Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллектіге айрықша мән беріп отырғанын атап өтті.Ол Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді нығайту мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде қалаларды дамыту мен жаңғыртуды айқындағанын баса айтты.
Осы орайда Д.Абаев қарқынды өзгерістер дәуірінде орыс тілі озық технологиялардың, ғылымның және цифрлық экожүйелердің тіліне айнала отырып, дамудың тиімді құралына трансформацияланып жатқанына назар аударды. Бизнес үшін бұл құралды меңгеру ауқымды нарықтарға жол ашып, сенімді іскерлік коммуникация орнатуға мүмкіндік береді.
ОТХҰ Бас хатшысы Наталья Бочарова Ұйымның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылғанын атап өтті. Оның жұмысы биылғы көктемде бастама алды. Ұйым құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді, сонымен қатар ол жаңа мемлекеттердің қосылуы үшін де ашық. «Біздің таяу жоспарларымызда – кез келген жас топтары өз сұраныстары мен қызығушылықтары бойынша бір жерден қажетті ақпарат пен үздік ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алуы үшін орыс тілін тек оқыту ғана емес, сонымен бірге дамыту жөніндегі барлық үздік тәжірибелерді біріктіретін ақпараттық платформа құру. ОТХҰ-ның арқасында қатысушы елдер бүгіннің өзінде орыс тіліндегі 95 000 оқулыққа, соның ішінде математика, физика сияқты және басқа да сұранысқа ие маңызды білім салаларының бағыттары бойынша әдебиеттерге қол жеткізіп отыр», – деді Н.Бочарова.
Іс-шара барысында сондай-ақ «ақылды қала» тәжірибелері, инфрақұрылымды басқаруда цифрлық егіздерді қолдану, сонымен қатар бірлескен білім беру, цифрлық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысты тәсілдер таныстырылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









