САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

    1 / 18
    Мемлекет басшысының «Атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының тұрғындарымен кездесті.
    Сарыағаш қаласы тұрғындарымен өткен есептік кездесуде аудан басшысы ауданымыздағы әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуы мен атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады. Әр сала бойынша атқарылған шаруаларға тоқтала келе, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттердің орындалуын мәлімдеді.
    Кездесуден кейін Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берілді.
    Сарыағаш қаласында 2026 жылдың 9 айында инфрақұрылымды дамыту және қала аумағын абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
    Атап айтқанда, А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы 11 көшеде балалар ойын алаңшалары, спорт және Workout алаңдары орнатылды. Сонымен қатар, Мөлтек шағын ауданындағы №3 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына, сондай-ақ бірқатар көшелер мен тұрғын алаптарда балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған ойын алаңшалары салынды. Теміржол вокзалы аумағында автотұрақ құрылысы аяқталды. Р-14 каналын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қала көшелерінің түнгі жарықтандыру жүйесін жақсарту мақсатында 21 көшеге жарықтандыру шамдары орнатылып, істен шыққан 400 көше шамы ауыстырылды. Сонымен қатар, қала аумағын абаттандыру және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары