ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

    1 / 3

    ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

    Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

    Қабылдауға алдын ала жазылған 22 аудан тұрғыны келді. Тұрғындар тарапынан баспана, жұмысқа орналасу, ауылішілік мәселелер, жер, айыппұл, кәсіпкерлік және әлеуметтік көмек бағыттары бойынша өтініштер айтылды.

    Атап айтқанда:

    Тұрғын үй мәселесі – 14;
    Жұмысқа орналасу – 1;
    Ауылішілік мәселелер – 2;
    Жер мәселесі – 2;
    Айыппұлға қатысты – 1;
    Кәсіпкерлік – 1;
    Әлеуметтік мәселелер – 1.

    Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір өтініштің заң аясында жан-жақты қаралатынын айтып, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

    📌 Еске саламыз!

    Аудан әкімі тұрғындарды әр аптаның дүйсенбі күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жеке қабылдайды.

    📞 Қабылдауға алдын ала жазылу үшін:
    +7 (7292) 46-62-16 нөміріне хабарласуға болады. https://t.me/munailyakimat/2474

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары