ШҚО жолдарында бір аптада мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегінің жолы кесілді

    ШҚО жолдарында бір аптада мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегінің жолы кесілді

    18-24 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 1 078 жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегін тіркеді.

    Ең жиі кездескен заңбұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 509 дерек және маневр жасау қағидаларын бұзудың 301 фактісі. Сондай-ақ 89 жүргізушінің апаттық жағдай туғызғаны және қарсы бағытқа 18 рет шыққаны анықталды.

    Бір апта ішінде көлікті мас күйде басқарған 26 жүргізуші және көлік басқару құқығы жоқ немесе бұл құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 58 адам анықталды. Бұдан бөлек, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 46 дерегі тіркелді.

    Полиция жол жүрісі қағидаларын елемеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Қауіпті маневрлер жасау, көлікті мас күйде басқару және қауіпсіздік белдігін тақпау жүргізушінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

    Жол ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, жолдағы қауіпсіздіктің басты шарты.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары