ШҚО-да полиция талабын елемеген мас жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    ШҚО-да полиция талабын елемеген мас жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Шемонаиха ауданы елдімекендерінің бірінде патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғын басқарған автокөлікті тоқтату туралы белгі берген.

    Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Осыған байланысты полицейлер жүргізушіні тексеру үшін оның соңынан қууға мәжбүр болған.

    Автокөлікті тоқтатқаннан кейін жас жігіттің бойынан алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Оның нақты жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберіліп, нәтижесінде орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

    Шемонаиха ауданының сот шешімімен жүргізуші 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Полициядан жасырынуға тырысу жауапкершіліктен босатпайды. Керісінше, мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

    Әрбір жүргізуші көлік басқару, ең алдымен, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілік екенін түсінуі тиіс. Алкогольдік масаң күйде рөлге отыруға жол берілмейді.

    ШҚО Полиция департаменті жол жүрісі қағидалары мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады. Жол қауіпсіздігі қозғалысқа қатысушылардың әрқайсысының жауапкершілігіне байланысты.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары