Жеке тұлғаның құқықтары мен қоғам мүддесі: Полиция департаментінде қылмыстық процесс мәселелері талқыланды

    1 / 4

    Жеке тұлғаның құқықтары мен қоғам мүддесі: Полиция департаментінде қылмыстық процесс мәселелері талқыланды

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде «Қылмыстық процестегі жария мүдделер мен жеке тұлғаның құқықтары арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында форум өтті. Жиынға ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжанов төрағалық етті.

    Форумға Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілдері қатысты. Аумақтық бөлімшелердің басшылары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

    Талқылау барысында заңдылықты сақтау, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғам мүддесі мен әр адамның құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне баса назар аударылды.

    Қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін қарастырып, пікір алмасты және туындаған сұрақтарды шешудің ықтимал жолдарын талқылады.

    Кездесу барысында өзекті мәселелер айқындалып, қылмыстық процесте заңдылықты қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған алдағы жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары